3 октября 2013 г.

О проекте по наполнению казахской Википедии

16.06.2011 г. в Алма-Ате состоялась конференция, посвященная развитию казахского языкового раздела Википедии (Wikipedia), на которой было объявлено о запуске проекта «Казахская Википедия» (Қазақша Уикипедия). http://www.encyclopedia.ru/news/enc/detail/43089/

«Қазақстанның ашық кітапханасы» жобасы
 «Қазақстанның ашық кітапханасы» - қазақ әдебиеті мен Қазақстан ғылымының, өнері мен сан-саладағы шығармашылық жәдігерлерін заңды негізде бір жерге жинақтап, насихаттауды мақсат ететін онлайн жоба.

Қазір «Қазақстанның ашық кітапханасында» түрлі форматтағы және сан-алуан тақырыптағы 1500-ден аса шығарма жинақталған. Оның ішінде кітаптар, аудиокітаптар, музыка мен видео файлдар бар. Жинақталған қордың негізін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген туындылар құрайды.
«Қазақстанның ашық кітапханасына» елімізге, қала берді әлемге танымал ақын-жазушылардың қоғамдық игілік санатына өткен шығармаларымен қатар қазіргі заманғы әдебиет саңлақтарының да шығармалары Creative Commons еркін лицензиялары негізінде енгізілуде.
Осы орайда қазақ тілі мен мәдениетінің интернетте алға жылжуына жағдай жасайтын жобаға ықылас танытып, шығармаларын ашық жариялауға алғашқы болып рұқсат берген Мұхтар ӘуезовІлияс ЖансүгіровСәкен СейфуллинҒабиден МұстафинҚасым АманжоловБауыржан МомышұлыЗейін ШашкинЖұбан МолдағалиевҚалижан БекхожинСағи ЖиенбаевҒафу ҚайырбековМұқағали МақатаевФариза ОңғарсыноваӘбіш КекілбаевЗейнолла ҚабдоловСафуан ШаймерденовҚалтай МұхамеджановМұхтар ШахановСәкен ЖүнісовСофы СматаевЖанат АхмадиевҚабдеш ЖұмаділовСәуірбек Бақбергенов сынды ақын-жазушылар мен олардың ұрпақтарына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Сондай-ақ, «Қазақстанның ашық кітапханасының» қорын «Мектеп бағдарламасындағы қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы» деген айдармен 175 автордың 1500-ден аса шығармасының аудио нұсқасы толықтыруда. Соның арқасында кез келген қолданушы мектеп бағдарламасында қамтылған әдеби әлемге еркін есік ашып, қазақ әдебиетінің классикасы санатына жатқызылған туындылардың аудионұсқасын тыңдауға мүмкіндік алады.
«Қазақстанның ашық кітапханасы» тек қазақ әдебиеті шығармаларымен шектелмек емес, қазақ тіліне аударылған шетел әдебиетінің інжу-маржандары да қамтыған. Сонымен бірге танымдық және публицистикалық материалдар да орналастырылмақ.
Қазақы мазмұнды насихаттауға үлес қосқысы келетін тіл мен мәдениет жанашырларын осы бастамаға үн қосып, жанға жақын шығармалардың электронды нұсқасын дайындап, “Қазақстанның ашық кітапханасына” орналастыру үшін бізге жолдап отыруға шақырамыз.




Шығармаларын еркін таратуға рұқсат берген авторлар (мұрагерлер):

Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров,Сәкен Сейфуллин,Ғабиден Мұстафин,Қасым Аманжолов,Бауыржан Момышұлы,Зейін Шашкин,Жұбан Молдағалиев,

Қалижан Бекхожин,Сағи Жиенбаев,Ғафу Қайырбеков,Мұқағали Мақатаев,

Фариза Оңғарсынова,Әбіш Кекілбаев,Зейнолла Қабдолов,Сафуан Шаймерденов,Қалтай Мұхамеджанов,Мұхтар Шаханов,Сәкен Жүнісов,Софы Сматаев,Жанат Ахмадиев,Қабдеш Жұмаділов,Сәуірбек Бақбергенов,Жамбыл Жабаев.



1 комментарий: